Студенттер Тұрғын Сыздықовтың кемшілігін айтты

Бүгін Астанада соның қорытындысын жариялаған кандидат өзінің ұстанымын тағы да айтты. Батысқа еліктемей, коммунизм мен марксизмді қолдау – Сыздықовтың басты ұраны. Бұдан бөлек, фастфудтың зияны мен америкалық блогбастерлердің адам психологиясына келтірер залалы жөнінде сөз қозғаны да белгілі. Коммунистік халық партиясы атынан ұсынылған кандидат бүгін де батыс мәдениетінен аулақ болуға шақырды. Өйткені ол адамды азғындыққа шақырып, қоғам дамуын тежейді дейді Тұрғын Сыздықов.

Тұрғын Сыздықов, ҚР Президенттігіне үміткер:

-Сайлауға қатысты ел аралап жүргенде көптеген студенттер бағытымның ескіргенін айтып жатты. Сол жөнінде сұрады. Мен ұлы классиктердің сөзін мысал етіп, барлығына олай еместігін түсіндірдім. Өйткені, марксизмді заманның қай тарихи тұсында ұстансаң да адам өміріне оң әсер етпесе, кесірін тигізбейді. 

Loading...