«Облыстық прокуратура органдарының тексерісі барысында студенттерді өндірістік тәжірибе деген желеумен күнбағыс, бидай және арпа егуге және оны теруге тартқан тұлғалар анықталды.Олар Жарма технологиялық колледжінде «Фермерлік шаруашылық», «Фермер» мамандықтары бойынша білім алушыларға 1,5 мың гектар жерге дәнді дақылдарды еккізген және оны жинатқызған. Бірақ бұл ешбір оқу жоспарына енгізілмеген», - делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметтеріне қарағанда, аталмыш егіннен 13,98 тонна өнім алынып, ол кейін «Ақ-Элит» ЖШС-не негізсіз сатылып кеткен. Бұдан 587 мыңнан астам теңге пайда түскен.
Сонымен қатар «Аспазшы» мамандығы бойынша білім алатын студенттер колледж аумағындағы наубайханада жұмыс істеген. Қазіргі уақытта 5 жеке тұлға, соның ішінде колледж директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.