Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

"Көрменің аяқталуына байланысты қаладағы хостелдердің көпшілігі жұмыс бағытын өзгертіп жатыр. Олар ұзақ мерзімді жалға беруге көшті. Бұл студенттер мен жұмыс бабымен келген қонақтарға қолжетімді әрі тиімді ұсыныс", - деді медиаорталықтың тілшісіне берген сұхбатында "Астана конвеншн бюро" ЖШС бас менеджері Марат Әлмағанбетов.

Оның айтуынша, қазір орта есеппен хостелдегі бір орынды жалға алу бағасы айына - 25 мың теңге.

"Оқу жылының басталуымен кейбір хостелдер жеңілдік ұсынып отыр. Сол жеңілдікке сейкес, бір орынды 20 мың теңгеге алуға болады", - деді ол.


Айта кетейік, ЭКСПО көрмесі кезінде Астанада 95 хостел жұмыс істеген болатын. Ондағы жатын орын қоры 4500 құрады. Сондай-ақ өткен үш айда қалаға келген 22 мың мейман хостелдерді паналаған екен.