«Студенттерге жаз айларында стипендия берілмейді» – министрлік пікір білдірді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тиіс өзгерістер қаулыға енгізілмеген.

«ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес Министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады», – деп хабарлады ҒЖБМ баспасөз қызметі.