Су басқан үйден табылған әйелдің неден көз жұмғаны белгілі болды

Ақмола облысы Сандықтау ауылында су басқан үйлердің бірінен табылған әйел тасқын судың салдарынан көз жұмған жоқ деп хабарлады Ақмола облыстық ішкі істер департаментінен.



16 сәуірде ауыл тұрғындарын көшіріп жатқан кезде суға кеткен үйлердің бірінен 59 жастағы әйелдің мүрдесі табылған болатын. Полиция әйелдің қазасы тасқын судың салдарынан болмағанын хабарлап отыр. "Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша әйел жүрек ұстамасынан қайтыс болған. Әйелдің өлімі су тасқынымен байланысты емес", — деп хабарлады полицейлер. Әйел өзі жалғыз тұрған әрі ішімдікке әуес болған екен.