Су добынан Азия чемпионатында қос құрамамыз да алтынға таласады

Су добынан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы да алтын жүлдеге таласады, деп хабарлайды «Аламан» ақпарат агенттігі

Ерлер құрамасы жартылай финалда Сингапур құрамасын ұтты. Матч 16:4 есебімен аяқталды. Финалдағы қарсыласымыз Жапония мен Қытай арасындағы кездесуде анықталады.

Ширек финал:

Сингапур - Таиланд - 9:5;
Қазақстан - Сауд Аравиясы - 14:4;
Жапония - Өзбекстан - 23:4;
Қытай - Гонконг - 27:3.

Жартылай финал:

Қазақстан - Сингапур - 16:4

Ал қыздар құрамасы Өзбекстан құрамасынан басым түсті - 16:6. Енді 25 қараша күні Қытай құрамасымен айдынға шығады. Жеңіске жетсек, Азия чемпионы атанамыз.