Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы 2012 жылғы Азия чемпиондары атанды

Біріншілік аясындағы соңғы матчты Қазақстан құрамасы Кувейт ватерполшыларымен кездесіп, қарсыластарын 10:5 есебімен жеңді. Осылайша олар барлық кездесулерін жеңіліссіз өткізіп, Азия құрлығының ең мықты ұлттық құрамасы атанды. Екінші және үшінші орындар кімге бұйыратынын бүгін Қытай мен Жапония арасындағы матчта білетін боламыз.

Бұған дейін қазақстандықтар басты қарсыластары - Қытай спортшыларынан 8:7, жарыс қожайындары - Жапониядан 6:4 есебімен басым түскен еді.