"Кездесуге Қырғызстанның су шаруашылығы министрі келмей қалды. Ал ол келіссөздерде шешуші роль атқаруға тиіс болатын. Тоқтағұлдан қанша су келетінін білмей тұрып, су бөлісу жөнінде келісімге келу мүмкін емес", - деді С. Сейсенов.
"Келіссөздердің хаттамалық үлгісі рәсімделді, бірақ, елеулі өзгеріс жоқ", -деді ол.
"Тәжік жағы Қайраққұмды жөндеу үшін бізден қаржының бір бөлігін бөлуді сұрады. Бұл мәселені ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев үкіметте шешетін болады", - деді С. Сейсенов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10 сәуірде өткен баспасөз мәслихатында А. Рябцев : "жұмада Тәжікстанның Ходжент қаласында біз әріптестерімізбен бірлесіп су тапшылығы ахуалын қарастыратын боламыз. Биыл су тапшылығынан тек біз емес, жалпы Ферғана аңғары зардап шегуде, онда 3 млн 500 мың гектар суармалы алқаптар бар",- деген болатын.