Су мен жылыту тарифтері қалай есептеледі: өзгерістер енгізілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтің есебі жасалған шарттарға сәйкес гидротехникалық құрылыстар кешенінің немесе жасанды гидротехникалық құрылыстың көмегімен магистральдық құбырдан су пайдаланушылар топтарына су беру түрінде субъект ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге қолданылатыны нақтыланады.

Магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифі тарифті есептеу тәртібіне сәйкес есептеледі және 1 текше метр су үшін теңгемен өлшенеді.

Егер магистральдық құбыржолдар жүйесінде магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі қызметтерді ұсыну кезінде тарифтер жекелеген учаскелерге бекітілсе және қызметтер екі және одан да көп облыстардың аумағында ұсынылса, бірыңғай тариф пен тарифтік смета тұтастай алғанда бүкіл жүйеге есептелетіні көрсетіледі.

Магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі қызметтердің тарифі мыналарды ескеретін формула бойынша есептеледі:

Реттелетін сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифі тұтынушылар топтары бойынша мыналарды ескере отырып сараланады:

Реттелетін сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифті саралау үшін тұтынушылар топтарға бөлінеді:

Жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бірінші топтың тарифі тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша сараланады:

1 кіші топ:

2 кіші топ - 1 адамға айына 3 м3-тен 5 м3-ке дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын, халық санатына жататын жеке тұлғалар;

3 кіші топ - 1 адамға айына 5 м3-тен 10 м3-ке дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын, халық санатына жататын жеке тұлғалар;

4 кіші топ – 1 адамға айына 10 м3 астам реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар.

Жылыту

Жылу энергиясын өткізу жөніндегі қызметтерге арналған тариф есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты формулалар бойынша айқындалады:

1 кіші топ – жылытылатын ауданы 100 м2 дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар, онда:

2 кіші топ – жылытылатын ауданы 100-ден 200 м2-ге дейінгі халық санатына жататын жеке тұлғалар, мұнда:

Бұл ретте белгілі бір көлем үшін халықтың 1 кіші тобы үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифі қолданылады, қалған көлемге халықтың 2 кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.

3 кіші топ – жылытылатын ауданы 200 м2 асатын халық санатына жататын жеке тұлғалар, мұнда:

Бұл ретте белгілі бір көлем үшін халықтың 1 және 2 кіші топтары үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифтері қолданылады, қалған көлемге халықтың 3-кіші тобы үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.

Жылыту қажеттіліктеріне жұмсалатын жылу энергиясының көлемі жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандырылған тұтынушылар үшін де, мұндай аспаптары жоқ тұтынушылар үшін де жылытылатын алаңға байланысты айқындалады.

Есепке алу аспаптары болмаған кезде жылу қажеттіліктеріне жылу энергиясының көлемі есептік жолмен айқындалады.

Бұйрық 2025 жылғы 8 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.