Бұл туралы видеоны журналист Диас Нұрақын желіге жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Нөсер жауын Кеген ауданындағы Тұйық ауылын да талқандап өтіпті", деп жазды ол.
Ал ҚазАқпараттың хабарлауынша , кеше басталған жауын салдарынан су Түменбай ауылындағы 1 үйді және 11 үйдің ауласын шайып кеткен. Адамдар зардап шекпеген.
Қазір келтірілген шығын көлемі есептелуде.