"Су тасқыны": Ақтөбе облысынан 80 адам эвакуацияланды

Құтқарушылар ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағында Мамыр, Нұра  ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эвакуацияланған тұрғындар Ырғыз ауданындағы  мектепке жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамыр елді мекенін су басу қаупі туындады.