Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы “Адырна” - ға сілтеме жасап.
Облыс басшысы табиғаттың тілсіз апаттарына ешкім тосқауыл бола алмайтынын, жауын-шашын жағдайды қиындатып жібергенін айтқан.
"Қазіргі уақытта аймақта су шайған жолдар, көпірлер мен өткелдер, су басқан үйлер мен аулалар бар. Кеше аудандарға барып келдім, бүгін қаланы аяқтай жүріп қарап шықтым. Материалдық шығынды құрылған комиссия анықтайтын болады. Тұрғындарымызға сабырлықтары үшін алғысымды білдіремін. Ешбір адам назардан тыс қалмайды",- деп атап өтті өңір басшысы.
Қазіргі уақытта қала және 12 ауданның әкімдері, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әскери құрылымдар, полицейлер күндіз де, түнде де жұмыла жұмыс істеп жатыр, күшейтілген тәртіпке көшірілген.
Асхат Шахаров ақтөбеліктерді сабырлыққа шақырып, бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды.