Су тасқыны халықты тағы біріктірді

Су тасқыны халықты тағы біріктірді. Өңірлерге қаржылай және гуманитарлық көмек көрсету жалғасып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Еріктілердің атсалысуымен Қазақстанның түкпір-түкпірінен 550 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Оның 370 тоннаға жуығы зардап шеккендерге жеткізілді.

Тасқынмен күреске республика бойынша 25 мыңнан астам ерікті жұмылдырылған. Олар гуманитарлық көмекті жинап сұрыптаудан бөлек, тасқынмен күресіп жүрген мамандарға ыстық тамақ әзірлеуге көмектесіп жүр. Еріктілердің бір бөлігі аулаларды қардан аршып, халықтың бірінші кезектегі қажетті заттармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге атсалысып жатыр. Тасқын қаупі бар аймақтарда жалғызілікті және егде жастағы адамдардың күтіміне көмектесуде.

Мысалы, Астанада тұратын танымал блогер Ерболат Жанабылов қазір үш баласы мен әйелін тастап, Батыс Қазақстан облысында көмек көрсетіп жүр.

NNN атымен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсын достарымен Ақтөбе облысы Ойыл ауданына барған.

Елге танымал біп топ азамат «Қарекет» қорына жылу жинауға шақырады. Ол видео Айдана Қабылбекқызының парақшасында жарияланды.

Әлеуметтік желіде carat85 атымен танымал блогер осындайда бірігіп, қолдау көрсетуге шақырады.

"Жеканың немесе басқа да блогерлердің тойында беташарға миллиондар салатындар – 3 млн, 5 млн жібере салатын блогерлер қайдасыңдар? Үндерің шықпай қалды ғой", деп жазды ол.