Бұқтырма өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне жауын-шашынның көп мөлшерде түсуі әсер еткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан Алтай ауданының Зубовск ауданында 24 аула аумағын су басты. Бөгеттерді бекіту және су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде. Бұқтырма өзенінің су деңгейі төмендеді. Өзеннің су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда”, - делінген министрлік жариялаған хабарламада.