Белгілі болғандай, қала маңында мола орналасқан. Қарғын судың күшінен мәйіттер де ағып кеткен.
"2024 жылғы 9 сәуірде сағат 12:27-де ТЖД құтқарушылары Жылыой ауданы Құлсары қаласы "Рамазан" дүкені тұсынан ер адамның мүрдесін тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырды", - деді облыстық ТЖД өкілдері.
Құтқарушылар бұл ер адамның денесі, жоғалып кеткен әкесі мен баласына қатысты жоқ екенін айтты.
Айта кетейік, осыған дейін Құлсарыда су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы әлі іздестіріліп жатыр. Ал 7 сәуірде сол аймақта екі адамның денесі табылды.