Су тасқынына байланысты «Сергекке» түскен айыппұлдар кешіріледі

Иә, елді су алып жатса да, көше-көшелерді қаптаған камералар өз жұмысын тоқтатпайды. Осы тұста Атырау облысының халқы көмек сұрапты. Құлсарыда «Сергекке» түсіп қалған көліктердің айыппұлдары кешірілетін болды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай әлеуметтік желіде айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мәжілісменнің айтуынша, халықпен кездесу кезінде тұрғындар «Сергектен» айыппұлдар келіп жатқанын айтып шағымданған. Қауіп төнгенде алды-артына қарамай, адамдарды эвакуациялауға көмектескен тұрғындар да жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл арқалаған. Тұрғындар депутаттарға сол айыппұлдар кешірілсе деген өтінішін жеткізіпті.

1 сәуірден бастан Құлсары бойынша «Сергекке» түскен айыппұлдардың барлығы кешіріледі. Атыраумен сөйлестік, деректер базасын тазартып жатыр. Одан бөлек те арыз-шағымдарыңызды Мәжілістің жалпы отырысында айтамыз, - деді Толықбай өзінің парақшасында.