Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйлер беріле бастады

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап салынған жаңа үйлер пайдалануға беріле бастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бөрлі ауданында 60 отбасы қоныс тойын тойлады.

Мұнайлы ауданда көктемде 4 ауылды су басып, 390 үйді су алған болатын. Арнайы комиссия шешімімен соның 126-сы жарамсыз деп танылған.

Бөрлі ауданында су кірген 390 үйдің 126-сы жарамсыз деп танылды. Соның 66-cына Ақсайдан үй сатып алынса, 60 үй жаңадан салынды. Бүгін Ақсу, Кеңтүбек, Пугачев, Аралталда үйлер тапсырылды. Тасқыннан келген өзге де шығын толық өтелді.

"Мемлекет басшысының біздің алдымызға қойған тапсырмасы орындалды. Халқым сол кезде қиындық көрген болса, қайда барамыз, қандай жағдай болады, үйіміздің өтемақысы бола ма, тұрғын үй салына ма деген үлкен уайымда болған болса, соның бәрі артта қалды дегім келеді. Қазір демеушілердің көмегі арқасында үйлерді уақтылы салып, және сапасы да жақсы, кілттерін тапсырып жатырмыз. Қазір қалада жүріп жатқан тұрғын үйлердің құрылысын біз 1 қыркүйекке дейін аяқтағымыз келеді", - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Жалпы өңірде 775 үй жаңадан салынып жатса, соның 374-і Оралда жүзеге асып жатыр. Облыс орталығында жалғыз баспана санатындағы саяжай үйлерінің 2616-ы апатты деп танылса, 468-і жөнделмек.