Су-27 апатына байланысты Талдықорғандағы әуе базасының әскери шенділерінен түгел жауап алынбақ

Екі  ведомстводан тағайындалған тәжірбиелі тергеушілер тобы ұшақтың қалдықтарын жинап жүріп ақаудың неден кеткенін анықтауы тиіс. Бұл авиациялық техниктердің әуе көлігін оқу жаттығуға қаншалықты тиянақты әзірлегенін түсінуге керек. Су-27-нің ұшқаннан бастап құлағанға дейінгі уақытын әр секундына дейін нақтылау үшін күрделі сарапталамар жүргізіледі. Талдықорған әуе базасының барлық әскери шенділерінен де жауап алынбақ. Тергеуге Су-27 құрастырған ресейлік зауыт пен 5 жыл бұрын жөндеуден өткізілген Беларусьтегі кәсіпорынның мамандары тартылатын болады. Ал тексерістің әділ жүргізілуін бүгін бұрынғы Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев тағы талап етті.


Мұхтар Алтынбаев, Сенат депутаты:

Соңғы жылдары  азаматтық не әскери авиация болсын апат көбейді.Авиация саласында көптеген олқылықтар бар. Сол кемшіліктердің уақытылы жойылмауы кедергі болып отыр. Менің ойымша, Су-27 апатын жақсылап тексеріп, сараптама өткеннен кейін шара қолданып мұны тоқтату керек. Апаттың алдын- алу керек.