«Су-27» ұшағының «қара жәшігі» табылды


Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қосымша ақпарат арнайы комиссия жұмысының қорытындысы бойынша хабарланатын болады», - делінген хабарламада..

Еске сала кетейік, 2014 жылғы 23 қыркүйекте сағат 20:42 шамасында оқу-жаттығу ұшуы кезінде Су-27 ұшағымен байланыс үзілді. Экипаж құрамында - подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов болды.