Бассейнге жиі бару адамның денсаулығын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар бақытты қылатын көрінеді.
Мамандардың төрт апталық зерттеуі барысында бассейнде жүзу кезінде адамдардың көңіл күйі 35 пайызға артатындығы анықталған. Сондай-ақ ұйқысы жақсарады, күш-қуаты арта түседі. Бір апталық зерттеудің өзінде-ақ тәжірибеге қатысушы адамдардың көңіл күйі 20 пайызға жақсарғаны байқалды.
Миннесота Университетінің мамандарының айтуынша, жас кездегі кез келген аэробикалық жаттығулар - суда жүзу, жүгіру, велосипед тебу, миды қартаюдан сақтайды. Бұл жаттығулар ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін жақсартады.