Судья пара алып жатқан жерінен ұсталды

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі мен Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің 2015 жылғы 9 сәуірде бірлесіп жүргізген іс-шараларының нәтижесінде сот ісін шешуге заңсыз ықпал ету үшін 200 мың теңге көлемінде пара алу кезінді Р.М. Маделиева ұсталды.


Оны ұстауды жоғарыда аталған Департамент қызметкерлері жүзеге асырды. Қазіргі таңда тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.