Судья парамен ұсталды


-Осымен шаруа біттіғой. Бітті қарап тастаймын.

Зеленов аудандық соты төрағасының өзінен ақша сұрағанын кәсіпкер қаржы полициясына жеткізіпті. Көп ұзамай құзырлы органдар судьяны өз кабинетінде талап еткен теңгесін алып жатқанда бұлтарпас айғақпен қолға түсірген. Дегенмен облыстық соттағы әріптестері мұны «жала» деп отыр. Қазір басы дауға қалған төраға қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.