Судьяны сапалақпен салып жіберген адвокат 3 жылға абақтыға жабылды

Мына кадрларда судьяға сапалақ сілтеген адвокаттың өзі артынша сыбағасын алғаны анық көрінеді. Судья да, тіпті залда тұрған басқа қорғаушы да тартынып қалмай жұдырық сілтеуде. Евгений Танков сот процесі басталысымен-ақ, судья Алшынбековтың ар-ожданына әдейі тигенін мойындаған. Бірақ екінші бапта айтылғандай, оған әлімжеттік жасамағанын, сапалақпен желпу қиянатқа жатпайды деген желеу айтып баққан еді. Екі тарапты мұқият тыңдағанымен, әріптесін әжуа еткен адвокатка судья 3 жыл мерзім кесіп берді. Танковтың туыстары бұл шешіммен келіскен жоқ.


Наталья Дю, суретші:

-Бейнекадрларда барлығы айқын көрініп тұрса да, екінші бапты алып тастамады. Бірақ судьяға зорлық көрсеткен жоқ қой ол. Әділдікті белден басып, барлығы судьяның сойылын соғып кетті. Мен бұл бассыздықты шетелдік көрмелерде шығармашылығым арқылы жария етемін.