"Судың ағымы күшті, шеті тайғақ": Балаларды құтқарамын деп өзі суға ағып кеткен азамат елдің назарына ілікті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Желіде өзен ағысымен ағып бара жатқан ер адамның видеосы тарады.

Онда ер адам шеттегі адамдарға арқанды беремін деп, кейін өзі су ағысымен ағып кеткенін көруге болады. Желі қолданушылары оны суға кеткен баланы іздеген азаматтар деп жатыр. Десе де, видео куәгерлері оқиғаның қалай болғанын баяндады.

"Ассалаумағалейкум көпшілік! Бұл жігіт біздің досымыз болады. Екі баланы іздестіру барысында арқанның бір ұшын судың арғы бетіне өткізу үшін судан жүзіп өтті. Тек арғы беттегі адамдар қолынан ұстай алмай қалды. Біліп-білмей негатив жазбаңыздар. Судың ағысы өте жылдам және су өте суық. Бұл судың ағысын осында тұратын адамдар біледі. Арамыздан жүрек жұтып суға түскен осы жігіт. Одан да іздестіру жұмыстарына келіп көмектесіңіздер", - деп жазылған пікірде.