Суға байланысты зілзалаларды азайту жөніндегі халықаралық конференция қорытындысы бойынша Душанбе Декларациясы қабылданды

Конференцияға қатысушылар декларацияда "тасқын, қуаңшылық, лай көшкіндер, циклондар секілді суға байланысты зілзалалардың жиілей түсуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, табиғи зілзалалардан зардап шеккен халықтар мен қауымдарға көңіл айтты.

"Біз Душанбе Декларациясы зілзалаларды азайту жөніндегі 2008 жылғы халықарлық Давос конференциясы мен 2009 жылғы Бүкіләлемдік 5-ші су форумының, сондай-ақ, БҰҰ бас хатшысының назарына ұсынылып, ұлттық және халықаралық бас қосуларда ілгерілетіле түсуін қолдаймыз", - делінген құжатта.