Ол 161 адамның ғана құтқарылғанын ресми түрде растай алатынын мәлімдеді.
«Паром түгелімен суға кетті», дей отырып ол апат кезінде паромда 476 адам болғанын айтты.
Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бір адам қайтыс болған.
Ал бұдан бұрын Оңтүстік Корея жағалауында суға батқан жолаушылардың барлығы құтқарылғаны туралы ақпарат болған.
Бұл туралы жағалау күзетінің өкілдері хабарлаған болатын.
"Барлық 338 студент пен оқытушылар құтқарылды", - делінген хабарламаларда.
450-ден астам жолаушы және команда мүшелері мінген кеме бүгін таңертең әзірге белгісіз себеппен суға бата бастаған.
Оларды құтқаруға оқиға болған жерге жақын маңдағы Оңтүстік Корея жағалау күзетінің кемелері, әскери теңіз күштерінің кемелері, тікұшақтар тартылды.
Оңтүстік Кореяға тиесілі паромдағы жолаушылардың басым бөлігі жағалау курорттарына демалысқа аттанған студенттер екен.