Суға деп бөлінген қаржыны суша сімірген тағы бір шенеунік ұсталды


Міне, мына кадрде Арман Құмашевтің қолына кісен салынған сәт анық көрінеді. Қаржы полициясы оны тергеуге шақырып, сол жерде қамауға алған екен. Құлқыны кең шенді 1 жарым млрд. теңгені місе тұтпаса керек, Сәтпаев каналын жөндеуге бөлінген қаржығы қайта қол салмақ болған. Айта кетейік, Құмашев осымен 2-ші рет тұтқындалып отыр. Былтыр да осындай айыппен қамауға алынып, алайда, 3 айдан соң босатылған-ды. Естеріңізге салсақ, бұл Су ресурстары комитетінде шығып отырған алғашқы жемқорлық дауы емес. 2009-шы жылы комитетті 7 жыл бойы басқарған Анатолий Рябцев дәл осы Сәтпаев каналын жөндеуге бөлінген қаржыны жеке пайдасына жаратып, 4 жылға сотталған болатын.