Суицидтің көбеюі мен ҰБТ сынақтың арасында қаншалықты байланыс бар?

Бұл туралы аталған ведомство басшысы Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Бұл Қазақстанды ғана емес, әлемнің көптеген елдерін толғандырып отырған мәселе. ЖОО-на тапсыру емтиханымен байланысты болған оқиға есімде жоқ. Сондықтан біз қазір жағдайды жан-жақты талдап жатырмыз: шынымен де солай ма? (...) Мұның ҰБТ-мен қаншалықты байланысы барын тексеріп көруіміз керек», - деді ол жұма күні журналистерге.
«Дамыған елдерде суицид көрсеткіші өте жоғары. Сондықтан, бұл тек Білім министрлігінің ғана емес, көптеген мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ата-аналар мен мектептердің проблемасы», - деп қосты ведомство басшысы.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Білім және ғылым министріне сауал жолдап, жастар арасында суицидтің көбейіп кетуіне алаңдаушылық білдірген болатын.
Оның ойынша, «өз-өзіне қол салушылар саны Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен кейін күрт көбейді.