Суицидттің артуына ата-аналардың балаларымен ашылып сөйлеспейтіні басты себеп ретінде айтылды


Бір өкініштісі өзін өлімге қиып жатқандар 15 пен 19 жастың  аралығында. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының осындай мәліметі, халық қалаулыларының төбе шашын тік тұрғызды. Ал жасөспірімдердің өзіне  неліктен қол салып жатқанына италиялық мамандар зерттеу жүргізіп көрген. Шетелдік психологтар, суцидтің шектен тыс артуын нан табудың қамымен кеткен ата-аналардың балаларымен ашылып сөйлеспейтінінен көріп отыр.  Орта есеппен, әрбір әке-шеше ұл-қызына 20-ақ минут уақыт бөлетін болып шықты. Бұл жасөспірімнің оқшауланып өмірге бейімделе алмауына әкеліп соңы қайғылы жағдаймен аяқталады екен. Ал жарты жыл  ішінде елімізде 100-ден астам ұл-қыз өзіне қол салып бақилық болған.