"Сүйген жанның минустарын жақсы көріп тұрасың": Ерке Есмахан құпиясымен бөлісті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Сұлулығымның сыры ішкі жан дүниемнің тазалығында және осы доллардың көмегі", - деді Ерке сырт келбетінің тартымдылығы жайлы сұраған жандарға. 

Әнші болашақ серігінің бойындағы қасиеттерді саралап отырмайтынын айтты. 

"Ғашық болу бір тылсым күш қой. Сүйген жанның минустарын жақсы көріп тұрасың. Сүймегеннің плюстары да ұнамай тұрады. Сондықтан қасиеттерін санап отырмаймын. Жүрекпен сезем барлығын", - деді ол. 

Одан бөлек, әнші болашақта өзі жайлы кітап жазылып, кино түсірілетінін хабарлады. "Орысша сөйлей алмайды" деп сынайтындарға жауап берді. 


"Орысша да, ағылшынша да сөйлей аламын. Қазақ тіліне деген құрметім ерекше", - деп мәлімдеді ол.