Сүйіктісі Дана Нұржігітті ұзатып алып кетті

Той сияқты өткен құдалықты белгілі ақын Талант Арғынғали басқарды.

Құдалар қатарынан журналистің туған інісі, белгілі әнші Рүстем Нұржігіт пен әнші Ардақ Балажанованы көруге болады.

Бұл кеште жұбайларға ақ тілектерін арнап келген қонақтар әннен шашу шашып, тойдың сәнін келтірді.

Кеш барысында келін атанған Дана Нұржігітке алтыннан жүзік тағылды.

Құдалық – ағайын-туыс арасындағы қатынасты, барыс-келісті нығайту мақсатында жасалатын қазақтың ұлттық салты.

Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын Дана Мұрат есімді азаматқа тұрмысқа шыққанын хабарлаған еді. Айта кетейік, жұбайлардың үйлену тойы 27 шілде күні, яғни ертең Астанадағы “Қобыз сарайында” тойланбақ.