«Сүйінші»: Хиджабқа оранған Сара Тоқтамысова айтыстан алған тағы бір су жаңа көлігімен мақтанды

Ақын тағы бір темір тұлпар мініп, көптен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл жаңалығымен ақын өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Араға 3 жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Аллаға мадақ.
Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр...
От ауыз , Орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Қарсыласым Мұхтар Ниязбен пен шықтым. Әзілі де, әңгімесі де , өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. Рахмет досым!


Талғат мырзаның мәрттігіне риза болып тарастық .Айтыстың арланы ,Сатираның саңлағы Балғынбек ағамызға бір көлік мінгізді .

Жүлдесінен бөлек ақындарға қосымша 1 миллионнан ұстатты. Ақынын құрметтеген Азамат сіздей ақ болсын!», - деп жазды ол.