"Сүйісіп те көрген жоқпыз": Айгүл Иманбаева Азамат Сатыбалдымен қарым-қатынасы жайлы

Жақында ғана Айсәуле Бақытбектің ұзату тойында театрдың екі майталманы би алаңын ешкімге бермеген, деп жазады Stan.kz. 

- Тойдың гүлі өзім болдым. Той менікі болды, сосын Азаматтікі болды, - дейді Иманбаева 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында. 

Осы тойға журналистердің шақырылмағаны жақсы болған, деп есептейді Иманбаева. Актриса құрбысының қуанышында емін-еркін билеп, ортаны бермегенін айтады. 

"Енді Құдай-ау өзіміздің тойда билемеген соң қайда билейміз? Өткенде Ақботаның тойында да солай биледік. Бірақ сол жерде отырған апаларымыз, Толқын апамның өзі сұрағанда таңғалдым. - Айгүл, Азамат екеуіңде бәрі жақсы ма? - деген сияқты. 

Құдай-ау, қалай айтсам екен, жалпақ тілмен айтқанда сүйісіп те көрмедік деппін ғой. Шынымен неге барлық нәрсені жамандыққа балау керек? Әдемі достыққа, туысқандыққа ұласқан дүние. Азаматтың келіншегімен де, өзімен де... Екеуміз бір-бірімізді көрген кезде шүйіркелесе қалатын әдетіміз. Сырт көзге басқаша образ беріпті енді", - дейді Айгүл күліп.