Сұлтанов мұғалімдер жалақысы қалай көтерілетінін айтты


«Кадр бойынша жеке тоқталып өтсем. Педагогикалық ЖОО-лар бүгінде танымалдылыққа ие емес екені жасырын емес. Мұғалімнің жұмысы қиын, әрі жалақысы аз. Сол себепті мұғалімдердің жалақысы мен мәртебесін жүйелі түрде көтеру шешімі қабылданды», - деді қала басшысы.

Сұлтанов МЖӘ механизмі арқылы жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу арқасында қаржыны босату және оны мұғалімдердің жалақысына бағыттау  мүмкіндігі пайда болатынын айтты. Бұл сондай-ақ, білім беру саласына жеке бизнес пен жеке мектептерді тартуға мүмкіндік береді. 

«Балалар қауіпсіздігі маңызды міндет болып отыр. Жыл соңына дейін білім беру мекемелерін 100% бақылау камераларымен қамтамасыз етеміз», - деді әкім.

Еске сала кетсек, бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халық алдында есеп беру кездесуін өткізіп, 2018 жылы атқарылған шаралар мен 2019 жылға арналған жоспарларымен бөліскен болатын.