Қазақстандық атышулы блогер Telegram желісінде өзінің махаббат хикаясымен бөлісті, деп жазды Zakon.kz.
«Біз 2013 жылы 26 маусым күні таныстық. Мен таудан кейін қалада жаяу жүріп қыдырғанды жақсы көретінмін. Әдеттегі танысу, нөмір алмасу. Вконтакте желісі бойынша хат жазысып жүріп, байланысымыз үлкен махаббатқа ұласты»,- деп жазды Айжан.
Блогердің айтуынша, ол кезде темекі тартпайтын, ішімдік қолданбайтын, клуб жағаламайтын. Тіпті сол жігіт үшін бәліш пісіріп, тоқыма тоқуды үйреніпті.
«Алғашқы кезден бастап екі жыл бойы оны қалай жақсы көретінімді видеоға түсіріп жүрдім. Тойға сыйлық жасамақ едім. Қатты ғашық болдым.Ешқашан дауыс көтермейтінмін. Тек оның темекі тартқанына ғана ренжуші едім. Оның менің көзіме шөп салып жүргенін де білетінмін. Бірақ бәріне көз жұма қарадым, өйткені жоғалтып алудан қорқатынмын»,- деп ағынан жарылды Байзақова.
26 желтқсан күні ол жігіт Айжанға көңілін білдіріп, ұсыныс жасапты және қос жұп Талдықорған қаласына барып, сүйіктісінің ата-анасымен танысқан. Ақыры тойға дайындық басталады.
«Бір жыл бірге тұрғанымызда оны тіптен қатты жақсы көре бастадым.Өзім туралы мүлдем ұмыттым. Мен тек соның бір бөлшегі болғым келді. Бірақ кейін сұмдық жағдай болды. Қазір менің азап шеккеніме қарап оның да қиналғанын түсінемін»,- дейді блогер.
Айжан нақты қандай оқиға болғанын ашып айтпады. Бірақ айтуынша, бұл ол үшін қайғылы жағдай болды және әдемі махаббат бір сәтте жоқ болған.
Сол оқиғадан кейін Байзақова Грузияға кетіп қалады және сол жерде алғаш рет темекі тартып, ішімдік ішіп көреді. Клубқа да тұңғыш рет сол жақта барыпты.Содан кейін ғана бойжеткен өзінің еркіндіктің адамы екенін түсініпті.
Айжанның айтуынша, қазір ол адамға деген реніші жоқ. Жарқын сәттер көп болған. Бірақ блогер осылай аяқталғанына қуанышты.
«Менің ерлерге деген қарым-қатынасым 200 пайызға өзгерді. Мен отбасылық адам емеспін. Ешкім маған бұйыра алмайды. Ол кезде мен мұны мойындаудан қорқатынмын. Ұлдар, жақсы қыздарды ренжітпеңдер, әйтпесе олар Байзақоваға айналады»,-деді ол.
Сондай-ақ Айжан қызығушылық танытатындарға онымен бірге түскен суреттерді ғаламтордан іздеудің қажеті жоқ екенін ескертеді және ол туралы тұңғшы рет жазып отырғанын мойындады.
«Менің өз өзіме келуім қиын болды. Сұмық жағдай болуы да мүмкін еді. Мен өлуден қорықпайтынмын.Өйткені бәрін жоғалттым. Өзімнің қиналғанымды көрсетпеу үшін ата-анамнан бөлек тұрдым. Иә, темекі шектім. Ешкім көмектесе алмады. Жалғыз қалып, өзімді жегідей жей бастадым.Өз шашымды өзім қиып тастадым, татуировка жасадым», - деп еске алады блогер.
Бірақ Айжан кейін тек өзін ғана емес, жақындарының да жанын қинап жатқанын түсініп, ес жинаған.
«Қыздар жабығудан құтылудың ең жақсы жолы – ол саяхаттау.Ташкентке болса да билет сатып ал да жолға шық»,- деп кеңес берді Байзақова.