Әнші Бүркіт инстаграмдағы жеке парақшасына келіншегі Аишамен ас үйде болған жағдай туралы видео жүктеді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.
Онда Бүркіт тамаққа разы болмаған кейіп танытып, ұрысқан болады. Ал Аиша болса үлгермей қалғанын, балаларды алғанын айтып ақталғансиды. Көпшілік аталған видеоның жасанды екенін айтуда. Дегенмен ондағы оқырмандарды екеуінің арасындағы әлгі көрініс емес, әнші Аишаның тым толып кеткені таң қалдырды.
Видеоны көррген оқырмандар: «Сұмдық, жардай болып кетіпті», «кішкене арықтау керек», «толып кеткенсің» деген сияқты пікірлер қалдырған.
Енді бірі Аишаны қазақша сөйлете алмаған Бүркітке сын айтуда. Кейбір оқырмандар болса ас үйдің шашылып жатқанын сөз қылыпты. Дегенмен көпшілігі Аишаның күйеуі қанша ұрсып жатса да күле салған жайдары мінезіне разы болды.