«Сұңқардың» футболшылары ереуілдеуде

Кеше футболшылар клуб басшылығымен кездесуді талап етті. Өтініштері орындалмаған соң жаттығу өткізілмеді. Оның бастамашысы кім болғаны әзірше белгісіз, деп хабарлайды Vesti.kz.

Естеріңізге сала кетейік, қаскелендіктер премьер-лиганың турнирлік кестесінде соңғының алдындағы орында тұр және маусым қорытындысы бойынша жағдай өзгермесе олар екінші дивизионға жіберіледі.