Супер-дуэт: ағасы мен қарындасы

Айбек Серікханов есімді студент пен қарындасы Алуаның орындауындағы «Жаңбырлы түн» әні көпшіліктің көңілінен шықты, деп жазады 365info.kz.

Орындаушылардың бірі — Айбек Серікханов Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті. Инстаграмдағы парақшасына 27 мыңнан астам адам жазылған. Жас әнші әлеуметтік желіге бірнеше әнін жүктепті. Соңғы уақытта қарындасы Алуамен бірге шырқаған әндерін де жүктеген.