"Сұрақтарын бір жерлеріне тығып қойсын": тұрғындарға дөрекі жауап берген әкімнің басы дауға қалды

Бұл туралы Caravan.kz  ақпараттық агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрмағамбетов соңғы алты айдағы жұмысы туралы есеп беріп болған соң тікелей эфир аяқталды деп шешсе керек, әрі қарай ол дөрекі сөйлей бастайды.

"Бұл сұрақтарды бір жерлеріне тығып қойсын...". Нақты қай жерге екенін жазбаймыз, бірақ суретін сала аламыз".

Әлеуметтік желідегі жұрт әкімнің бұл сөзіне шүйлігіп, қатты сынның астына алды. Шенеунікке қатысты қызметтік тергеу басталды.