Суретте теріс қарап тұрған Баян Есентаева жұртқа жақпай қалды

Маусымның 10-ы күні болған қанды оқиға жұртты шулатқан-ды. Сол сәттен бастап барша Қазақстан продюсердің өмірін жіті бақылап, денсаулығына алаңдады. Арасында күйеуінің әрекетін құптағандар да болды. Десе де, барша жұртты Баян Есентаеваның қайсарлығы қайран қалдырған болатын.

Ол да жұрттың осы ойын құптай түскендей күн сайын жақсы жаңалықтарын бөлісіп, тіпті суреттерін көрсетіп жатыр. Бүгін бөліскені – Баян Есентаеваның ауыр соққыдан кейін түскен екінші суреті. Алайда ол әдеттегідей жүзін көрсетпеді.

Суретті көрген желі қолданушылары қуанып оған ақ тілектерін жаудырды. “Әдемілікті жақсы көремін. Адамның, гүлдің, кез келген заттың, табиғаттың. Ал жанның әдемілігі – тіпті баға жетпес әдемілік. Баян, сіз өте сұлусыз. Әрдайым осындай әдемі болып жүре беріңіз”, “Сүйкімді де сұлу Баян ханым, тезірек сауығып кетіңіз”, “Баян, кім, не десе де сіз бәрінен сұлусыз” дейді желі қолданушылары.

Мұнымен қатар, Баян Мақсатқызын халыққа теріс қарап тұрды деп сынағандар да болды. Олар мұны елге деген сый-құрметсіздікке балады. “Неге түріңізді көрсетпейсіз? Халыққа теріс қарап тұрғаныңыз не? Табиғатты ғана көрсетіп қойыпты ғой маған” дейді желі қолданушыларының бірі.