Суық антициклон Қазақстанды әлі үш тәулік бойына қыспағынан шығармайды

"Қазақстан аумағына таралған арктикалық ауаның салдарынан республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік облыстарда қар жауды, осы себепті өткен тәулік ішінде ауа температурасы 8-12 градусқа төмендеп кетті", делінген дүйсенбіде "Қазгидрометтен" таралған хабарламада.

Синоптиктердің болжамдарына қарағанда, алдағы үш тәулік бойы республика аумағында суық антициклон сақталмақ.