Ол бұған журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды кінәлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Дана Нұржігіт өз ойын желідегі парақшасында білдірді.
"Мұны ТЕКТІЛІК дейді. Кеше ғана Ильяның атына кір келтіретін әңгіме айтып отырған досын тауып, емдетіп, жағдайын түзеуге барын салып жатқан Ильяға шын риза болдым. Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді!
Осы жерде менің қояр сұрағым тек “Уақыт көрсетеді” жобасының авторына ғана. @nurseiitzhylkyshybai Ауыр диагноз-алкоголизмге он жылдан бері шалдыққан адамды сөйлетіп, суыртпақтап лас әңгімеге тарту моральдық этика тұрғысынан қаншалықты дұрыс? Қауқарсыз жағдайдағы адамның әлсіздігін пайдалану емес пе?!", - деп жазды ол.