Ұзақ мерзімді келісімге ағымдағы жылғы қарашада Екатеринборда, Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа байланысты аймақаралық 10-шы форумның аясында қол қойылатын болды. Оған екі елдің басшылары қатысады.
«Құжатқа Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашев пен Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов қол қояды», - деп хабарлады Ресей аймағы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Екі жақ бірқатар бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Олар: өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, сауда, ғылым және техника, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер, экология, туризм саласы, спорт және жастар саясаты.