Светлана менің өмірімдегі әлем рекордын 3 рет жаңартқан үшінші спортшы - Энвер Түркілери

Мен оны өте жоғары бағалаймын. Бұл туралы ауыр атлетикадан ҚР ұлттық құрамасының кеңесшісі Энвер Түркілери кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Оның айтуынша, жақында аяқталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы әлемдік дәрежедегі өзінің жоғары деңгейлілігін көрсете алды.

«Светлана менің өмірімдегі әлем рекордын 3 рет жаңартқан осымен 3-ші спортшы болып отыр. Мен мұндай спортшыларды өте жоғары бағалаймын. Қазақ елінің зілтеміршілері бүгінде өзінің кемел шағына келіп отыр. Қазіргі құрама сапындағы спортшылар базасы жоғары деңгейде», деді Э. Түркілери.

Ауыр атлетикдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Нидің айтуынша, спортшыларымыз алдағы Азия ойындарында да жоғары нәтижелерге жетеді. «Менің құрамамен жұмыс істеп келе жатқаныма біраз уақыт болды. Сондықтан да маған спортшылар өте жақсы таныс. Олар әлі жас. Бұл спортшылардың алдағы Лондон Олимпиадасын бағындыратын мол мүмкіндіктері бар», дейді ол.