“Связьға шық маған, блогерсымақ”: Жан Ахмадиев атышулы Хасан өзін қорқытқанын айтты

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналистке әлдекім “Ассалаумағалейкүм, блогерсымақ, елді неге шулатып жатсың-ей? Связьға шықшы маған” деп дөрекі түрде хабарласады. Журналистің айтуынша бұл атышулы Хасанның оған жіберген аудио хабарламасы.

”Бұл Хасанның маған WhatsApp арқылы жіберген хаты-мыс. Білмей жатып қараладың деп маған да, өзінің сұхбатында да баяндады”, - деді журналист.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзатты бір топ жігіт анасының көзінше пышақ сұғып, өлтіріп кетті. Кісі өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді белгісіз адамдар өртеп жіберді. Марқұмның әкесін де біреулер "балаңның қасынан көр қаза бер" деп қорқытқан көрінеді.