Серік Ахметовтың ісі бойынша алдын-ала сот талқысы басталды.
Онымен қатар іс бойынша 21 адам жауап беруде, оның ішінде Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдешов, Қарағанды әкімі Мейрам Смағұлов, облыстық әкімшіліктің басқа да лауазымды тұлғалары және коммерциялық ұйымдардың қызметкерлері.
Оларға қызмет бабын бұрмалап пайдаланды, бюджет қаржысын ұрлады, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айып тағылуда. Сонымен қатар С.Ахметовке аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.
Қылмыстың істің көлемі 338 томды құрайды.