Сычуаньда магнитудасы 4,1 балл болатын жаңа тербелістер тіркелді

Қытайдың сейсмологиялық басқармасының ақпаратына сүйенсек, аталмыш провинцияның Мяньчжу уезінде бүгін Пекин уақытымен 00.40-та магнитудасы 4,6 баллдық тербеліс тіркелген. Құрбан болғандар мен қирандылар жайында әзірге хабар келіп түскен жоқ.

Сонымен қатар, кеше Пекин уақытымен 06.58-де Солтүстік-Батыс Қытайдағы Цинхай провинциясындағы биіктігі 5180 метр болатын Танг-ла асуының маңында қуаты 5,3 балл болған жер сілкінісі болған. Сондай-ақ, өткен сейсенбіде Мяньчжу уезінде 5 және 4,2 балл жер сілкіністері тіркелген.