Сычуаньда сейсенбі күні болған жер сілкінісінен үш адам мерт болып, 23-і жараланған

Жарақаттанғандардан бес адам аса ауыр жағдайда болғандықтан, зілзала құрбандарының саны артатын түрі бар.

Ал 12 мамырда Сычуаньда болған кейінгі 30 жылдағы аса қуатты жер сілкінісінен 70 мың адам өлім құшқаны белгілі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қытайдың Сычуань провинциясында кеше тағы да қуаты 6 балл жер сілкінісі болды.

АҚШ-тың геологиялық мониторинг (USGS) қызметінің мәліметінше, магнитудасы 6 балл жер сілкінісі Қытайдың Сычуань және Гансу провинцияларының шекарасында, Гуанюань қаласынан солтүстік батысқа қарай 50 шақырым жерде болған.