Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Евгений Федоров аталған арнаның тілшсіне депутат Вячеслав Никоновтың «Қазақстанның жері бұл Ресейдің сыйы» деген сөзіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Аталған сұхбаттың 28 минутында ол былай дейді:
«Меніңше, Никонов Путиннің айтқанынан ерекше ештеңе айтпады. Бірақ Путин Қазақстан деп айтқан жоқ. Енді қараңыз, мысалы сізге бір досыңыз көлік сыйлады делік.Бір жылдан кейіп келіп, менің көлігімнің жағдайы қалай, Вася деп сұрады делік. Ал Вася қайдағы сыйлық, бұл сыйлық емес. Бұл сыйлықты мен сеннен алмадым немесе басқа бірдеңе деді делік. Міне, осындай досқа қалай қарар едіңіз. Яғни, сіз оның лақтырып кеткенін түсінесіз. Ал дұрыс адам үлкен рахмет, кермет көлік дейді. Ал елдің ресми органы «біз ешқандай сыйлықты білмейміз, бұл сыйлық емес, біз оны тартып алдық десе қайту керек.(жер туралы - ред) Онда қане сендермен басқаша сөйлесейік. Басқа тілмен сөйлесейк, қазақстандықтар. Қайрымды орыс досының сыйлығын бағалау бір басқа, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі сияқты түкіре салу бір басқа. Егер сендер дос емес екенсіңдер, сыйлықты бағаламайды екенсіңдер, онда қолды байлап отырсыңдар.
Егер сыйлық екенін мойындамасаңдар онда қайтарыңдар.Ресей соны талап ету керек. Өткені бұл жерлерді сендер заңсыз алғансыңдар», деп ресейлік депутат сорақы мәлімдеме жасады.
Сондай-ақ депутат Кеңес Одағының келмеске кеткен Конституциялық заңына да тоқталыпты.
"Онда орыс тілімен жазылған, егер Одақтан шығатын болса онда республикалар Кеңес Одағы құрамына кірген кезде алған жерлерін қайтарады деп жазылған.Бұл жерде Қазақстан Кеңес Одағының жерлерін жалға алған.Кездейсоқ жағдайда 100 пайыз жерін алған. Кеткілерің келсе чемодандарыңды алып кете беріңдер. Бірақ Верный, Алма Ата қалалары сияқтысынан бастап бәрі қайтарлысын" деп тағы қосып қойды.