Сындарлы сабақтастық кезеңі

Ел тілегі ескерілді

Жер дауы мен жесір дауы көне дәуірден бері қазақ халқы үшін аса маңызды болған. Содан шығар, 2016 жылы елімізде жер­ді шетелдіктерге сату мен жал­ға беруге қарсылық білдір­ген халық тілегін ескерген Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселе бойынша 5 жылға мораторий жариялаған болатын. Биыл оның мерзімі аяқталмақ. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңе­сінің кезекті отырысында ауыл шаруашылығы жерін шетел­діктерге сатуға, жалға беруге арнайы тоқталып, президенттік заң шығару бастамасын пайдаланып, жерге қатысты заң жобасын Мәжіліс қарауына ұсынған еді.

Таяуда Президент Парламент қабылдаған «Қазақстан Рес­пуб­ли­касының кейбір заң­на­малық актілеріне жер қаты­настары мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Осы­лай­ша, қоғамды жылдар бойы тол­ған­дырған жер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпағына аманат еткен қазақ жері шетелдіктерге сатылмайтын және жалға берілмейтін болып шешілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жер мәселесі мен ел мәсе­лесінің, яғни өзі ұсынған «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен өзектес екен тағы бір мәрте аң­ғартты. Мемлекетшілдік сая­сатының біріз­ділік­пен жүзеге асатынын, оның нәти­­жесі халықтың ойымен қашанда үнде­се­тінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сонымен қатар кейінгі екі жыл ішінде халық тұрмысына қатысты бірқатар игі бастама жүзеге асты. Мәселен, бір­жолғы кредиттік амнистия жарияланып, 500 мың адамның несиесі кеші­ріл­гені мәлім. Сондай-ақ ком­муналдық төлем­дердің тарифі төмендетілді. Оны төлеу үшін аса мұқтаж жандар қосымша кө­мек алды. Қаржы нарығын рет­теу және да­мы­ту агенттігіне Ұлт­­тық банкпен бір­ле­сіп, қазақ­стан­дық бизнеске несие беру көлемін азайтпау жөнінде шара­­лар қа­былдауға тапсырма берілді. Қол­же­тім­ді несие беру, көктемгі егіс науқа­нын жүр­гізу, жұмыс орындарын ашу және сақтау үшін айтарлықтай қаражат бөлінді.

700 мыңнан астам компания мен кәсіпкерлердің салық жүк­темесі азайтылды. Сол арқылы олар 1 трлн теңгеге жуық қар­жы үнемдеуге мүмкіндік ал­ды. Президенттің тапсырмасы­мен 2020 жылы 492,5 мың педагогтің жалақысы 25 пайызға өсті. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы да 25 пайызға ұлғайтылды. Ал пе­дагогикалық бағытта білім алып жатқан студенттердің стипендиясы 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көбейтілді.

Былтыр тұрғын үй құ­ры­лысы­ның қарқыны 11,2%-ға өскен. Бірақ пайдалануға беріл­ген дайын үйлер­дің 40%-ы тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қала­ларын­да салынғанына көңіл аударған Пре­зи­дент ауылдық мекендерде де бас­пана салу қолға алынатынын жеткізді. Егер өңір­лерде баспана көптеп салын­са, ауыл­дарға жастарды, қажетті маман­­дарды тартуға болатыны сөзсіз. Жас­тар демек­ші, Мемлекет басшысы мемлекет­тік қыз­меттің тиімділігін арттыру үшін дарынды жас кадрларға ерекше көңіл бөліп келеді. Прези­денттік жастар кадрлық резерві құрылғандығы – соның айғағы.

Кейінгі екі жыл әлемде де, елімізде де төтенше жағдайларға толы болды. Пре­зи­денттік сайлаудан көп өтпей-ақ Арыс­тағы қару-жарақ қоймасы жарылды. Соның салдарынан қаладағы үйлер қи­рап, көптеген тұрғын баспанасыз қал­ды. Осы бір сын кезде Мемлекет басшы­сы Арысқа арнайы барып, ахуалмен тікелей танысып қайтқаны есімізде. Ал былтыр Қордайдағы жанжал өзек­ті əлеуметтік мəселелердің тұ­тас шо­ғы­­рын көрсетіп берді. Өз­бек­станда жа­рыл­ған су қой­масы Мақтаралдағы ағайынды әбі­герге салды. Осындай жағ­­дайдың бəрінде Қасым-Жомарт То­қаевтың шұғыл ден қойып, батыл шешім қабылдауы халық­тың билікке деген сенімін күшей­те түсті.

 

Дағдарыс дауасы

Бір жыл бұрын дәл осы кезеңде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялап, шартараптың түк­пір-түкпірінің етек-жеңін қым­­­тауға кірісті. Бүкіл әлем бет­перде киіп, үйге тығылды. Жер-жа­­һан­ды теңселткен вирус Қа­зақ­­станды да айналып өткен жоқ.

Әлемде алшаң басқан індет­тің біздің еліміздегі қар­қы­ны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дер кезінде қабыл­да­ған шешімдерінің арқасында ай­тар­­лықтай бәсеңдеді. Мем­ле­кет басшысы коронавирус ін­­де­ті­нің өршіп, тез таралуы­на бай­­­лан­ысты халыққа Үндеу жа­рия­­лап, елімізде 30 күндік төтен­ше жағдай енгізіп, алғашқы тол­қын­н­ың алдын ала білді. Дер ке­з­інде қатаң карантин жария­ла­нып, сақтық шараларын сақ­тау­­дың ар­қасында эпидемия­лық жағ­дайдың тым ушығуына жол берілмеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз қыз­метінде халық денсаулығын қор­ғау, экономиканың тұрақты­лы­ғы мен даму қарқынын сақтау, білім беру салаларын басты на­­зар­да ұстады. Соған сәйкес ма­ңыз­ды шешімдерді жедел қа­был­дап, оны жүзеге асыруды Үкі­мет пен әкімдерге жүктеп, нәти­жесін жіті қадағалап отырды. Ең алдымен, Нұр-Сұлтан, Алма­ты, Шым­кент қалаларында шұ­ғыл түрде жаңа модульдік жұқ­палы аурулар ауруханалары, про­ви­зорлық стационарлар салын­­ды. 4,5 миллионнан астам адам­­­ға 42500 теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. 1 миллионнан ас­там аза­матқа азық-түлік пен тұрмыс­тық заттар үлестірілді.

Пандемия кезінде 2 миллионға жуық азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді.

Індет басталысымен Мемле­кет бас­шы­­сының тапсырмасына сәйкес өңір­лер­дің әкімдері азық-түлік пен қызмет түр­лерінің бағасын бақылау жұ­мыс­тарын белсенді жүргізді. Соның арқа­­сын­да еліміздің азық-түлік қоры Қазақ­стан хал­қының қажеттілігін толық қам­тама­­сыз ете алды. Сон­дай-ақ Президент пан­де­­миядан қайтыс болған азаматтар рухы ал­­­дында тағзым ету үшін 13 шіл­дені Жал­­пы­ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша бюджет қара­жаты халықты жұмыспен қам­туға, шағын және орта бизнесті қол­дауға бағыттау үшін қайта қарал­ды. Атап айтқанда, жос­пар­­­ланған барлық іс-шара онлайн форматқа көшірілді. Елі­міз бойынша қашықтан оқу, қашықтан жұмыс істеу тәсі­лі ен­гізілді. Пандемия кезін­дегі үнем­­делген қаражат эконо­ми­ка­ның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, дағдарыстан зардап шеккен халықтың әл-ауқатын арттыруға және басқа игі істерге жұмсалды. Президенттің тапсырмасы бойынша пандемияның салдары мен одан туындаған экономикалық қиын­дықтарды еңсеруге 5,9 трлн теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартыл­ған медицина қызметкерлерін ынталан­дыру және материалдық қолдау мақ­сатында коронавирус жұқ­тыру қаупінің дәрежесіне қарай жалақы­лары­на үстем­еақы қосыл­ды. Дәрігерлер­дің жалақы­сын эко­номикадағы орташа жалақы деңгейіне дейін көтеру міндеті қойылды. Осы мақсатпен биыл республикалық бюджеттен 196,5 млрд теңге бөлін­ді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасы әзірленіп, Қазақ­стан пандемияға қарсы ем тапқан әлемдегі бес елдің қатарына қосылды.

Сонымен қатар, дағдарысқа қарсы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы іс­ке қо­сылды. Оны жүзеге асыру үшін 1 трл­н теңге бөлінді. Пан­­де­мияның ауыртпалығына қара­мас­тан, өндіріс көлемі, ауыл ша­руа­­шылығы өнімдері, экспорт ұл­ғай­ды. Осы ретте IT және туризм салаларына тартылған ірі көлем­дегі инвестицияны айта кету керек. Соның нәтижесінде 300 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.


Саяси өзгерістер – уақыт талабы

Тұңғыш Президентіміз – Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегия­сы­на сәйкес қоғамдық өмірді одан әрі демократияландыру ба­ғы­тында бірталай маңызды өзге­ріс жасалды. Президенттің бас­та­масы­мен Ұлттық қоғамдық се­нім кеңесі құрыл­ды. Онда көтеріл­ген көкейкесті мәсе­ле­лер жан-жақты зерделеніп, тиісті шешім­дерін тауып, еліміздегі демократиялық үрдіс­т­ерді одан әрі ілгерілетуге бағыт­талған бірқатар заң қабылданды. Соның ішінде, бейбіт шерулерге байланысты заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, митингілер тек хабарлама беру арқылы өткізілетін болды.

Сондай-ақ сайлау туралы заң­намаға да елеулі өзгерістер ен­гізілді. Атап айтқанда, саяси пар­тияларды құру мен тіркеу тала­бы едəуір жеңілдетілді. Пар­тия­­лар­дың сайлау тізімінде əйел­­дер мен жастар үшін 30 пайыз­дық мін­детті квота белгі­ленді. Бұл қадам əйелдер мен жас­­тар­­дың ел­дің қоғамдық-сая­си өмі­ріне бел­сене қатысуына қо­сым­ша мүм­кіндік берді. Атал­ған бас­­­та­­маның нәтижесі биыл­ғы Мә­­жі­ліс пен барлық деңгей­дегі мәс­­­ли­хаттар сайлауында анық аң­ға­рыл­ды. Мемлекет басшы­сы­­ның парламенттік оппозиция туралы ұсынысы да заңдас­тырылды.

Қоғамды демократияландыру бағы­тындағы  тағы бір ма­ңыз­ды қадам – ауыл әкімдерін сай­­лау болғалы тұр. Биыл елі­мізде кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін ті­келей сайлауға дайындық жүр­гізі­­ліп жатыр. Жоспар бойынша сай­лау тамыз-желтоқсан ай­ла­рын­да өткізу жоспарланған. Бұл елі­міздің қоғамдық-саяси өмірін­дегі елеулі оқиғаға айналатыны анық. Аталған мәсе­леге қатысты заң жобасы Пар­ла­ментте қызу талқыланып қабылданды.

Демократияландыру үдерісі мұ­нымен шектеліп қалмақ емес. Келесі маңызды қадам – аудан әкім­дерінің сайлауы болмақ. Осы бастамалардың ел өмірін демо­кра­тияландырып қана қоймай, жер­­гілікті басқару институтын ны­­ғайтуға елеулі ықпалын ти­гізуі тиіс.

Бұдан бөлек, Мемлекет бас­шы­сының бастамасымен адам құқы­ғын қорғау, əйелдер мен ба­ла­ларға қатысты зорлық-зом­бы­лық, адам саудасы, мал ұрлығы, браконьерлік, көлікті мас күйде жүр­гізу сынды қылмыстарға қар­сы заңнамалар қатаңдатылып, ал­дын алу шаралары күшейтілді.

Мемлекет басшысы ұсын­ған сырт­қы саясаттың 2020-2030 жыл­дарға арналған тұжы­рым­дамасында да сындарлы са­бақ­тастық бар. Ұлттық мүд­дені қорғай отырып, сыртқы сая­си және экономикалық басым­дық­тарды ілгерілетуге басты назар аударыла бермек. Елі­міз­дің стратегиялық саяси мақ­саты ретінде тәуелсіздікті, мемле­кет­тің егемендігін және аумақтық тұ­тас­тығын нығайту, сырт­қы сая­си бағыттың дербестігін сақ­тау көзделіп отыр. Сондай-ақ О­рта­лық Азия­да Қазақстанның көш­бас­шылық ор­нын нығайтуға және елі­міздің ұзақ мер­зімді мүдде­леріне ерекше екпін беріледі.

Тұжырымдама халықаралық және өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіз­дік­ті қам­тамасыз етуге елеулі үлес қосу, шет мемлекеттермен екіжақты және көп­жақты фор­матта достық, өзара тиімді қарым-қатынасты сақтау, мем­­лекет­аралық бірлестіктер және халықаралық ұйымдармен кешен­ді өзара іс-қимылды дамыту қарас­тырылған.

Президент өзінің сыртқы сая­сатқа қа­тысты жұмысында ашық­тық, праг­ма­тизм және ымы­раға келу секілді тәсіл­дерді қол­­дану арқылы Қазақ­стан­ның ұлт­­тық мүдделерін сенімді қор­ғай­­ды. Бұл тәсілдің тиімділігі Өз­­бек­стан­дағы Сар­доба су қой­ма­­сы­ның бұзылуына бай­ланыс­ты төтенше жағдай кезінде анық көрінді. Екі елдің түсінісіп жұ­мыс іс­теуінің арқасында су тас­қы­нының салдарын қысқа мер­зімде жою мүмкін болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында Елбасы айқындаған көп векторлық саясат қағидасын ұстана отырып, стра­тегиялық серіктес елдер – Ресей, Қытай, АҚШ, Орта­лық Азия мем­лекеттерімен, Еуропа­лық одақ, Азия және Таяу Шығыс мем­лекеттерімен тең, достық қа­рым-қатынасты, сонымен қа­тар БҰҰ, ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК секілді халық­ара­­лық ұйымдармен байланысты нығайта түсетінін мәлімдеген-ді.

Ол уәделер іске асырылып, Мем­лекет басшысы өзінің халық­аралық аренада еліміздің мүд­десін қорғай алатын ірі саясаткер екенін көрсете білді. Мәселен, былтыр Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің онлайн отырысында 2025 жылға дейінгі еура­зиялық экономикалық инте­гра­ция­ның стратегиялық даму бағыт­тары туралы құжатты қа­был­дау идеясын қолдай отырып, стратегияның кейбір бөлімдерін қайта талқылап, əлі де пысықтай түсу керегін, ден­саулық сақтау, білім және ғы­лым салаларын ЕЭК-ның құ­зы­реті­не толық көлемде беру оның эко­но­микалық бағытын айтар­лық­тай өзгертіп жіберуі мүмкін екенін ескерткені, сондай-ақ ЕЭК-тің өкі­леттігін кеңейту мəсе­­ле­­ле­ріне мұқият болуға шақырғаны есімізде.

Биылғы 1 қаңтардан бастап Қазақ­стан Еуразиялық эконо­ми­калық одақ төрағалығын қабыл­дады. Осыған орай, Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға мүше мем­лекеттердің басшыларына жол­даған Үндеуінде бірқатар маңыз­ды мәселені көтеріп, ұйым­ның алдағы 5 жылдағы бағытын айқындап берді.

Түйіндей айтқанда, екі жыл ішінде атқарылған шаруалар­ды әлі де тізе беруге болады. Ең бастысы – Мемлекет бас­шы­сы көтерген бастамалар халық­тың игілігі үшін жасалып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев ел талабын ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын талай мәр­те дәлелдеді. Осы мерзімде ат­қарылған жұмыстарға қарап оты­рып, Президентіміз алдағы уа­қыт­та да елімізді Елбасы бел­гі­леп берген «Қазақстан – 2050» Стратегиясының айқын бағы­тымен бұлжытпай алға бас­тап, халқымызды Мәңгілік ел болу мұ­ратын орындау жолына жұ­мыл­дыра беретініне сенімдіміз.